Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:53, 12 Сәуір 2024

АҚШ-та Навальныйдың кітабы шығады

п
Фото: из открытых источников

2024 жылдың 22 қазанында Алексей Навальныйдың өмірінің соңғы бірнеше жылында жазған естеліктері жарық көреді. Кітап америкалық Knopf баспасынан шығады, деп хабарлайды The New York Times.

Навальныйдың «Патриот» деп аталатын естелік кітабының бірінші басылымы Америка Құрама Штаттарында жарты миллион данамен шығады. Артынша, басқа елдерде шығарылмақ. Орыс тіліндегі басылым да оқырмандарға қолжетімді болады, деп хабарлайды Knopf.

Навальный өзінің естеліктерін жазуды 2020 жылы «Новичокпен» уланғаннан кейін бастаған. Кітаптың басым бөлігі Германияда жазылған. Knopf өкілінің айтуынша, саясаткер естеліктерді өзі жазған, кейбір жерлерін диктанттап жазғызған. Баспагердің айтуынша, кітапта Навальныйдың колониядан бұрын жарияланбаған хат-хабарлары басылған. Саясаткердің әйелі Юлия Навальная қолжазбаны өңдеу үшін баспамен бірге жұмыс істеген.

Сонымен қатар, кітапта Навальныйдың жастық шағы, саяси мансабы, тұрмысы мен отбасы, өміріне жасалған қастандықтар мен жақындарына жасалған шабуылдар туралы баяндалады. Саясаткердің жесірі Юлия Навальная оның естеліктерін «басқаларды дұрыс нәрсені қорғауға шабыттандырады» деп атады. 

Фото: Pavel Golovkin/AP Images