Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:37, 17 Қаңтар 2025

АҚШ-тағы Трамптың инаугурациясына Қазақстан атынан кім қатысады?

Трамп
Фото: из открытых источников

20 қаңтарда Вашингтонда өтетін салтанатты шараға Қазақстан атынан АҚШ-тағы елші Ержан Ашықбаев қатысады.

Ержан Ашықбаев 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. 2013-2021 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурация күні жаңа президенттік мерзімнің басталуын білдіретін дәстүрлі шараларға толы болады. 

Дональд Трамптың инаугурациясының Басты сахнадағы қойылымдары Астана уақытымен 19:30-да басталады. Ант қабылдау рәсімі сағат 22:00-ге жоспарланған.

Инаугурация АҚШ-та президенттік билікті берудегі маңызды сәт болып табылады. Осы ресми рәсім кезінде қазіргі президент өкілеттіктерін келесі презилентке береді. Дәстүр бойынша, инаугурация төрт жыл сайын 20 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша дәл түсте өтеді.

Еске салайық, АҚШ-та 5 қарашада президент сайлауы өтті. Республикашыл Дональд Трамп жеңді.