Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы ұсталды.
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында негізсіз баюдың сыбайлас жемқорлық схемасын әшкереледі.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы атқарылған жұмыстар туралы актілерге кедергісіз қол қою, ақшалай қаражатты аудару және жалпы қамқорлық жасау үшін пара алды деген күдікке ілінді», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің хабарламасында.
Соттың рұқсатымен күдікті қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.