Қоғам

Ақтауда жасөспірімдер мектеп оқушысын соққыға жығып, оқиғаны видеоға түсіріп алған

Ақтауда екі жасөспірім 14 жастағы мектеп оқушысын соққыға жығып, болған оқиғаны видеоға түсіріп, оны жәбірленушінің досын қорқыту үшін пайдаланған.

полиция

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, жасөспірімді дүкеннің маңында күтіп тұрған. Күдіктілер одан досын сыртқа шақыруды талап еткен. Алайда ол бас тартқан соң, оған күш қолданған. Оқиғаны мектеп оқушысының өз телефонына түсіріп алған.

Кейін бұл бейнежазбаны оның досына жіберіп, «Шықпасаң, сенімен де дәл осылай болады» деген мазмұнда қоқан-лоқы жасаған.

Отбасының мәліметінше, мектеп оқушысының телефонында алдағы кездесуге қатысты хат-хабарлар сақталған. Онда кездесуге қатысатын адамдар мен уақыт көрсетілген. Оқиғадан кейін күдікті жасөспірімдер ата-аналарымен бірге учаскелік полиция қызметкеріне жеткізілген. Қазіргі уақытта жәбірленуші ауруханада ем қабылдап жатыр.

Жасөспірімнің жақындары құқық қорғау органдарынан оқиғаны жан-жақты тергеп, шабуыл жасағандардың әрекетіне заң аясында тиісті баға беруді сұрап отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз