Әлеумет

Ақтауда жүргізушілер газ тапшылығына қайта шағымданды

Ақтауда көлік иелері сұйытылған мұнай газын құюда қайтадан қиындықтарға тап болғанын айтып шағымданды.

Кезек газ

Қала мен оған іргелес аумақтардағы автогаз құю бекеттерінің (АГҚБ) басым бөлігі жұмыс істемейді, ал ашық тұрған станцияларда ұзын-сонар кезек қалыптасқан.

 Бұл туралы Lada.kz хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың бірі жағдайды өз көзімен тексеру үшін Шығыс-2 шағынауданындағы «Анвар» гипермаркетінен бастап Маңғыстау ауылына дейінгі бағыттағы, сондай-ақ қаланың әртүрлі бөліктеріндегі газ құю бекеттерін аралап шыққан.

Оның айтуынша, көптеген бекеттің ішінде тек біреуі ғана жұмыс істеп тұрған, бірақ онда да көліктер ұзақ кезекке тұрған. Сондай-ақ 27-шағынаудандағы бір бекетте газ болғанымен, жүргізушілерге ұзақ күтуге тура келген.

Ал Оймаша ауылы (бұрынғы Приозерный) маңындағы және әуежайдан жаңа шағынаудандарға қарай баратын жолдағы газ құю бекеттері жабық болған.

 «Айтар сөз қалмады. Осынша бекетті араладым, тек біреуі ғана жұмыс істеп тұр, оның өзінде ұзын кезек. Ал бізге қалада газ тапшылығы жоқ деп айтып жатыр. Қандай тапшылық жоқ? Шынайы жағдайға қараңыздар», – дейді Ақтау тұрғыны.

Өз сөзін растау үшін тұрғын редакцияға жабық тұрған автогаз құю бекеттері түсірілген 30-дан астам фотосурет жіберген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз