Қоғам

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылып, үкім жарияланғаннан кейін сот залында қамауға алынды. Бұл туралы жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокаты мәлімдеді.

Нұрсұлтан Жақсыген

Іс Алматы облысының Қарасай аудандық сотында қаралған. Сот актерді Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныған. Аталған норма онлайн-платформаларды пайдаланып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті қарастырады.

Сот шешіміне сәйкес, Жақсыген жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Сонымен қатар Фариза Сабырәлиеваның азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына 5 млн теңге өндірілген.

Бұған дейін Нұрсұлтан Жақсыген мен оның бұрынғы жұбайы Фариза Сабырәлиева арасында сот дауы болған. Сабырәлиева әлеуметтік желіде өзі туралы шындыққа жанаспайтын әрі абыройына нұқсан келтіретін ақпарат тарағанын айтқан.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз