Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.
Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды. Еске салайық, 2022-2024 жылдары ол Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. Кейін Kazenergy ұйымына ауысып, одан соң Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
Оған дейін бұл қызметті Ерлан Нысанбаев атқарған.