Алдау мен арбау
«Ақша жүрген жерде сайтан жүреді» деген сөз бар. Алдап-арбауды кәсіп етіп, сонымен күн көріп жүрген жерінен алматылық А.
есімді азамат қолға түсті деген ақпаратты Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасы таратты.
Хабарламада А. есімді күдікті «клиенттеріне» несие әперу үшін олардан сыйақы мөлшерін үш жүз мыңнан, бір миллионға дейінгі сомада «тариф» белгілеген және несиені әперуге сендіріп, уәде беріп келген. «Қазіргі уақытта 1990 жылы туған А. есімді азаматқа қатысты біздің бөлімшеге 4 адам ресми арызбен жүгінген. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деді, Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі М. Сейсенұлы.
Сондықтан көп азаматтар несие алу үшін осындай «көмекшілерге» жүгінуді дұрыс деп санайды. Қазір несие алудың түрлері өте көп, онлайн рәсімдеуге де, банкке барып рәсімдеу де көп уақыт алмайды. Тек төлем қабілетіңіз бен табысыңыз сәйкес болса болғаны. Ортада «делдал» іздеп, әуре болып, алаяқтарға тағы жем болудың керегі шамалы. Алаяқтар барлық салада бар. Әрине, ақша жүрген жерде айқай-шу да қоса жүретіні қалыпты жағдай. Ал осындай іспен айналысқан қылмыскерлермен жұмыс құзырлы орынның шаруасы. Төрелігін солар айтар, шешімді де солар шығарар.