Алексей Луценко Азия ойындарында алтыншы медалін жеңіп алды
Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко 2026 жылғы Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста топ жарып, алтын медаль иеленді.
Бұл – Луценконың Азия ойындарындағы алтыншы жүлдесі. Ол алғашқы чемпиондық атағына 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында қол жеткізген.
Содан бері қазақстандық велошабандоз құрлық додасында тұрақты түрде жүлдеге ілігіп келеді. 2018 жылы Джакартада топтық және жекелей жарыста екі алтын алса, 2022 жылғы Ханчжоу ойындарында топтық жарыста күміс, жекелей сында алтын медаль жеңіп алды.
Осылайша, Луценконың Азия ойындарындағы қоржынында бес алтын және бір күміс медаль бар.
23 қыркүйекте Алексей Луценко топтық жарысқа қатысып, Азия ойындарының тағы бір жүлдесі үшін сынға түседі.