Сараптама

Әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары абдырап жатыр, Қазақстанға қайтпек керек?

Бүгіндеәлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары экономикалық ахуалға байланысты қиындықтартуып отырғанын ашып айтуда.

Әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары абдырап жатыр, Қазақстанға қайтпек керек?

Мәселен, Жапонияның үкіметтік зейнетақы қоры 2019жылы 136 млрд доллар жоғалтқан. Сол тәрізді Италияның да инвестициялықзейнетақы қоры соңғы алты айда жылы 98 млрд доллар жоғалтқан. Қазір Италиядаинфляция деңгейі өсіп, халық жаппай қымбатшылықты қатты сезініп отыр. Малазияелінің де зейнетақы жүйесі шығынға кете бастаған.  Bloombergэкономикалық зерттеу орталығының сарапшылары 2020 жылы бірқатар елдердің зейнетақы жүйесі қауіпті бола бастайтынынашып айтып отыр.

Осы арада біз Қазақстандағы зейнетақы жүйесі жайындаотандық мамандардың пікірін білдік. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, біздегізейнетақы жүйесіне де серпін қажет. Мамандардың пайымдауынша, зейнетақықорындағы қаржыны дұрыс жұмыс істете алмауымыз бізді қатты алаңдатуы тиіс.

Қазір Қазақстандағы Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорында 9 трлнға жуық теңге бар. Әрине, бұл қаржы қордатекке жатқан жоқ. Аталмыш қаражат экономиканың белгілі бір салаларын қолдауғажұмсалып тұрады.

Экономика ғылымыныңдокторы,  профессор,  Жұмаділда Баяхметовтың айтуынша, болашақтабізге зейнетақы қорындағы қаржыны өзін-өзі ақтайтын салаларға бөлуді ойластыруқажет.

«Зейнетақы қорындағы қаражаттыбіз екінші деңгейлі банктерге қандай да бір жобаларды қаржыландыруға бөлебастадық. Бірақ біздегі банктер мен өндіріс орындарының арасында айтарлықтайтығыз қарым қатынас жоқ екенін мойындауымыз керек. Банктерде қандай да бірөндіріс орындарына барып оның түсімін зерттеп, олардың шығындары өздерін өздеріақтай ма, жоқ па, оны тереңдеп білу тәрізді маркетингтік тәсіл жоқ. Оларқандайда бір құрылыс компаниясына үй салуға қаржы бөледі немесе бөлінгенқаржыны депозитте сақтап, оны халыққа несие ретінде беру бізде кең орын алған.Біздегі зейнетақы активтерін ұқсатудың түрі осы. Негізінде бұл дұрыс емес. Жапониядазейнетақы қорындағы қаржыны өндіріс+өнім деген формуламен ұқсатады. Қаржы отандықөнім шығаратын компаниялардың жұмысын жаңғыртуға бөлінеді. Соның өзіндежапондардың зейнетақы жүйесі ұтылып отыр. Сондықтан біз үшін болашақтазейнетақы қорын бақылау, қадағалау ісі маңызды»,-дейді экономист-ғалымЖұмаділда Баяхметов.

Маманның пайымдауынша,  болашақта қандай да бір дағдару кезеңі орыналса халықтың зейнетақы қорына жинақталған қаржысының құны кеміп кетпеуі үшінзейнетақы қорындағы қаржы табыс әкеліп тұруы керек. Бұл ретте маман, «қазірқорда жинақталған қаражат инвестицияға жарап, табыс әкеліп отырудың орнынаөзінен-өзі кеміп, қымбатшылық салдарынан құнын жоғалтты» дейді.

«Қордағы қаржыны екіншідеңгейлі банктерге беру де аса пайда әкелмейді. Қаржы расымен де экономикалықжобаларды оның ішінде отандық өнім өндірушілерді қолдауға сауатты жұмсалса жөнболар еді,-деді экономист-ғалым.  

Мамандардың пайымынш, а зейнетақы қорындағы қаржыны инновациялық бағыттыұстанған салаға, инфрақұрылымды дамытатын салаларға  берудің де жемісі бар. Нанотехнология,биотехнологияны жетілдіру ғылымға көңіл бөлу қай кезде де өзекті мәселе. Ғылымижаңалықтарды өндіріске енгізу мәселесі қазір тіптен қажет. Сондықтан қаржыныосы мәселелерге бөліп оны нақты қадағалай алсақ ұтар едік.

Қарлығаш Зарыққанқызы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз