Қоғам

Алматы әуежайының терминалын су басты: Техникалық мәселелерге жауапты басшы жазаланды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, терминал шатырының су басу фактісіне байланысты шұғыл кеңес өткізді.

әуежай

Азаматтық авиация комитеті әуежайды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Әуежай басшысы техникалық мәселелерге жетекшілік ететін аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады. Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар күшейтіліп, барлық қажетті жұмыстар жедел режимде жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау және су басу себептерін толық жою 6 ай ішінде жоспарланып отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз