Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:16, 06 Маусым 2024

Алматы қалалық спорт басқармасының қызметкерлеріне тергеу басталды

ақша
Фото: из открытых источников

Алматы қаласы Спорт басқармасының және оның қарамағындағы ұйымының қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап ету фактісі бойынша Спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервті даярлау орталығының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны есептеу және төлеу арқылы 56 млн теңгеден астам ақша жымқыру бойынша күдікке ілінді, деп мәлімдеді Антикор.

Тергеу жүріп жатыр.

Тегтер: