Live

Алматы маңында тек шетелдік туристерге арналған ойын аймағы ашылады

Алматы облысында тек шетел азаматтарына қызмет көрсететін жаңа ойын аймағын құру жобасы мақұлданды. Ол Алматы халықаралық әуежайына жақын орналасуына байланысты Талғар ауданында ашылады.

Казино

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бұл аумақ туристік әлеуеті мен қолайлы логистикасының арқасында таңдалған. Талғар ауданы Алматы қаласы мен халықаралық әуежайға жақын орналасқан. Сонымен қатар мұнда танымал демалыс орындары шоғырланған.

Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлының айтуынша, Талғар ауданы өңірдегі ең дамыған туристік бағыттардың бірі саналады.

Ауданда:

  • «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешені;

  • Oi-Qaragai тау шаңғысы курорты;

  • Aquaasia Resort курорттық кешені;

  • Tal Resort демалыс аймағы орналасқан.

Оның айтуынша, жаңа ойын аймағы өңірдің туристік экожүйесінің бір бөлігіне айналып, туристік қызмет түрлерін көбейтіп, сервистік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Жаңа ойын аймағы не үшін ашылады?

Жоба шетелдік инвестиция тартуға, бюджетке түсетін салық көлемін ұлғайтуға және шетелдік туристерге ұсынылатын қызмет түрлерін кеңейтуге бағытталған.

Билік жаңа нысанның іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашып, қызмет көрсету саласы мен оған іргелес салалардың дамуына серпін береді деп отыр.

Тегтер: Алматы Казино
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз