Live

Саша Барон Коэн "Борат" фильмі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады

Британдық комик әрі актер Саша Барон Коэн өзі сомдаған Борат кейіпкері үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

Борат

Ол Happy Sad Confused подкастында фильмдегі образдың шынайы Қазақстанға да, оның тұрғындарына да қатысы жоқ екенін мойындады.

Актердің айтуынша, фильм жарыққа шыққаннан кейін Қазақстан елшілігі туындыға қатысты шағым жолдаған. Коэн сол кездегі наразылықтың орынды болғанын атап өтті.

"Осы мүмкіндікті пайдаланып, қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Мен сіздердің акценттеріңізге еліктей алмаймын. Шынымды айтсам, қазақтардың сөйлеу мәнері қандай екенін де білмеймін", – деді актер.

Сонымен бірге Коэн Бораттың басты мақсаты Қазақстанды келемеждеу болмағанын түсіндірді. Оның сөзінше, кейіпкер арқылы өзі туралы аз білетін ел жөнінде қисынсыз әңгімелерге сенетін адамдардың надандығы әжуаланған.

"Қазақстандықтар, өтінемін, маған ренжімеңіздер. Мен сіздерге тек құрметпен қараймын", – деді актер.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Борат
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз