Әлеумет

Алматы мен Шымкентте заңсыз қару сатылған: Ішінде 4 Калашников автоматы бар

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда заңсыз қару айналымының жолын кесті.

1

Ведомство мәліметінше, сәуір айында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында жалпы 63 қару тәркіленген. Оның ішінде 4 Калашников автоматы, 38 аңшы мылтығы, 20 тапанша, РШГ-2 реактивті штурмдық гранатометі, 4 граната және 188 оқ-дәрі бар.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат анықталып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта барлық дерек бойынша жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.

Тегтер: қылмыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз