Қоғам

Алматы метросында студент баланың сөмкесінен оқ-дәрі табылды

Алматы метросының «Райымбек батыр» станциясында кәмелетке толмаған жолаушыдан жауынгерлік оқ-дәрі болуы мүмкін үш оқ табылды.

Алматы

Метрополитендегі полиция басқармасының қызметкерлері тексеру барысында қаладағы колледждердің бірінің студентін ұстаған. Жеке тінту кезінде оның жанынан Калашников автоматына арналған болуы мүмкін үш оқ табылған.

Оқиға орнына Жетісу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқ-дәрілердің шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз