Әлеумет

Алматы облысында экс-шенеунік 20 млн теңгеден астам қаржыны алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінді

Алматы облысының Кеген ауданында бұрынғы мемлекеттік қызметкерге қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Шенеунік

Ведомствоның мәліметінше, Кеген ауданы прокуратурасы бұрынғы мемлекеттік қызметкердің кәсіпкерлердің ақшасын алдау жолымен иемденгені туралы іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Кеген ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бұрынғы бас маманы қызметтік беделін пайдаланып, кәсіпкерлерге мемлекеттен жер телімін алып беруге көмектесетінін айтып уәде берген.

Осылайша ол кәсіпкерлердің сеніміне кіріп, олардың 20 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген деген күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеудің өзге мәліметтері жарияланған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз