Қоғам

Алматы облысында қан құйылған 6 жасар баладан С гепатиті анықталды

Алматы облысында алты жасар балаға қан құйылғаннан кейін оның ағзасынан С гепатиті вирусы анықталды.

Қан

Қазір бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, бала Түркиядан елге оралғаннан кейін денсаулығы сыр беріп, мұрнынан қан кеткен. Ол облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер иммундық тромбоцитопения диагнозын қойған. Емдеу барысында науқасқа қан құйылған.Кейін жүргізілген ПТР-зерттеу нәтижесінде баладан С гепатиті вирусы анықталған.

Баланың ата-анасы инфекция қан құю кезінде жұққан болуы мүмкін деп есептейді. Осыған байланысты оның әкесі Президент Әкімшілігіне шағым жолдап, істі бақылауға алуды сұраған.

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау басқармасы медициналық құжаттарды зерделеп, көрсетілген көмектің белгіленген стандарттарға сәйкестігін тексеріп жатыр. Қызметтік тексеру қорытындысы шыққаннан кейін оқиғаға құқықтық баға берілмек.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз