Live

Алматы облысында полицей әйелін қағып кетті

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Балқаш ауданында болған адам өліміне әкелген жол апаты туралы ақпарат тарады.

Жол апаты

БАҚ мәліметінше, 38 жастағы әйелді күйеуі – полиция қызметкері көлікпен қағып кеткен.

Оқиға 16 мамыр күні Қапшағай-Бақанас тасжолында болғаны хабарланды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Балқаш аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары қызметтік көлікпен әйелін қағып кеткен.

Алматы облыстық полиция департаменті әйелдің қаза тапқанын растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Оқиға салдарынан әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері күдіктінің құқық қорғау органының қызметкері екені туралы ақпаратты нақты растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Тегтер: жол апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз