Қоғам

Алматы облысында сот отырысына келмеген алқаби әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматы облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот

Қылмыстық істі қарау барысында негізгі құрамға іріктеліп, ант қабылдаған алқабиге сот отырысының уақыты алдын ала ескертілген. Алайда, ол белгіленген күні сотқа дәлелсіз себептермен келмеген және мүлдем байланысқа шықпаған.

Қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес, төрағалық етуші судья аталған алқабиді істі қарауға қатысудан шеттетіп, оны қосалқы алқабимен алмастырды.

Аса ауыр қылмыстық істі қарау кезінде өз міндетіне жауапсыздық танытқаны үшін Қарасай ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 657-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 200 АЕК, яғни 865 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз