«Алматы жазы» экологиялық эстафетасы. М. Мақтаев атындағы скверді қоқыстан тазартуға эстрада жұлдыздары қатысты
Алматы жай ғана қала емес, табиғат пен урбанизация үйлесім тапқан бірегей мекен. Қаланы қоршап тұрған таулар, таза өзендер мен жасыл желектер Алматыны Орталық Азиядағы ең тартымды қалалардың біріне айналдырады.
Дегенмен, бұл сұлулықты сақтау үшін барлық тұрғындардың күш-жігерін біріктіру қажет. «Алматы – ортақ үйіміз» бастамасының өзектілігі де сондықтан. Бұл науқанның жалғасы «Алматы жазы» да қазір қаладағы нағыз экологиялық бастама болып тұр. Себебі «Алматы жазы – жай ғана жаз мезгілінің атауы емес, Алматы қаласының табиғатын сақтауға бағытталған ауқымды экологиялық бастама. «Таза Қазақстан» акциясы аясында алматылықтар өздерінің сүйікті демалыс орындарын тазалап, абаттандырып жатыр.
Сондай іс-шараның бірі бүгін Алматыдағы ақын Мұқағали Мақатаев атындағы скверде де өтті. Аталмыш шараға белгілі адамдар, атап айтар болсақ ҚР еңбек сіңірген артисі Бақтияр Тайлақбаев, цирк артисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұтырғанов, актриса, тележүргізуші, продюсер Әйгерім Қалмұратова, әнші, композитор Өктем Алтаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров, күйші-домбырашы Асылбек Еңсепов, «Алматы әуендері» директоры Қайсар Сарыбаев және одардан бөлек қаланың оқушыдары, кітапхана қызметкерлері қатысты. Жалпы мұндай шараға мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге дейін қатыса алады. Бұл акция қоғамның табиғатқа деген қамқорлық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Шара барысында оқушылар мен келген қонақтар свердің айналасын қоқытан тазартып, ақынның ескерткішін жуып, өсіп кеткен шөбін шауып бір сөзбен айтқанда саябақты ретке келтірді. Бұдан бөлек саябақ ішінде оқушыларға арнап жастарды патриотизмге тәрбиелейтін кітаптар сыйға тартылды. Соынмен қатар жастар ашық аспан астында сурет салудың қыр-сырын үйренді.
Осы шараға арнайы келген Алматы қаласы А. Чехов атындағы кітапхананың өкілі Маржан Бектұрған Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне, әсіресе ақынның отансүюге тірбиелейтін жырларына тоқтала келіп, «Таза Қазақстан» акциясының жастарды патриотизмге тәрбиелеуде маңызы зор екенін тілге тиек етті.
«Таза Қазақстан» акциясы мемлекет басшысы көтерген бастама. Біз бұл акцияға қатыса отырып өзімізді отанды сүюге тәрибиелейміз», - деді ол.
Ал ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұтырғанов та қаланы өзгерту үшін, оның тазалығын сақтау үшін кішкентай қадам, яғни бәрін өзімізден бастау керегін айтты.
«Меніңше, әр адамда жауапкершілік сезімі болуы керек. Барлық нәрсені басқаға арта салмай, айналыны өзгертеміз десек, өзімізден бастайық. Сондықтан кішкентай болып көрінген ауланы, үйлің кіреберісін тазалау мен ретке келтіру соңында ауқымды шараға айналады. Соны әсерінен қаламыз әдемі де көріне бастайды», - деді Мұрат Мұтырғанов.
Белгілі актер, еліміздің еңбек сіңірген артисі Бақтияр Тайлақбаев Қазақстанда «Таза Қазақстан» акциясы жадғасын тауып жатқанын айтты.
«Бүгін қандай керемет күн. «Алматы Жазы» атты эстафета өтіп жатыр. Біз сол шараның қатысушысы болғанымызға қуанамыз. Еліміз, Алматымыз әрқашан таза болсын, көркейе берсін», - деді актер.
Бұдан бөлек осы шараға арнайы келген эстрада жұлдыздары «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан «Алматы жазы» экоакциясына тұрғындардың барлығына белсенді атсалысуға шақырды.
Экологиялық эстафета аясында өткен шара соңында қатысушылар жиналып суретке түсті.
Көпшілік біледі көктемде басталатын «Алматы біздің ортақ үйіміз» науқаны басталған болатын. Бұл науқанға шамамен төрт жүз мыңнан аса адам қатысты. Науқан аясында Алматыны көркейтуге арналған бірқатар шаралар атқарылды. Өзендер мен жағлаулар тазартылды. «Алматы – ортақ үйіміз» бастамасы – бұл уақытша акция емес, қаланы дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы. Тұрғындар мен биліктің бірлескен күш-жігерінің арқасында Алматы Қазақстан мен Орталық Азияның басқа қалалары үшін экологиялық таза және тұрақты дамудың үлгісі бола алады.
Ал мына «Алматы жазы» экологиялық эстафетасы осы бастаманы жүзеге асырудың жарқын мысалы болып табылады. Бұл бастама таза ауа, су және топырақ әрбір қала тұрғынының денсаулығының кепілі болуымен, экологиялық таза қала туристер мен инвесторларды тартуымен, экологиялық мәселелерді шешу өмір сүру сапасын жақсартуымен де маңызды.
Айта кетейік, 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қаласын абаттандырудың жаңа ережелерін бекіту «Таза Қазақстан» ауқымды мемлекеттік бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болды. Бұл нормативтік акт абаттандыру процесін оңтайландыруға ғана емес, сонымен бірге неғұрлым қолайлы және экологиялық таза қалалық ортаны құруға арналған.
Жаңа ережелер белгілі бір аумақты абаттандыруға жауапты тұлғалардың шеңберін анықтайды. Бұл қаланы тазалау мен күтіп ұстаудың тиімділігін арттырады. Соынмен бірге жаңа ережелер негізінде абаттандырудың бірыңғай стандарттары енгізілді, бұл эстетикалық тартымды қалалық ортаны құруға мүмкіндік берді. Жаңа ережелердің сақталуына неғұрлым қатаң бақылау күтілуде, бұл бұзушылықтардың алдын алуға және уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Біз сөзбен айтар болсақ, Алматыны абаттандырудың жаңа ережелері «Таза Қазақстан» бастамасының мақсаттарына жетуге зор үлес қосып жатыр. Соның негізінде көшелерді, аулаларды және басқа да қоғамдық орындарды жүйелі түрде тазалау ластану деңгейін төмендетеді және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартады.