Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:23, 13 Ақпан 2024

Алматыда дүкен ішінде адамдарға оқ атқан ер адам ұсталды

атыс
Фото: из открытых источников

Алматыда көкөніс дүкенінде белгісіз адамның адамдарға оқ атқаны  жазылған бейнежазба желіні дүр сілкіндірді. Атыс салдарынан бір адам жараланған.

Желіде тараған басқа ақпаратта оқиға өткен жылдың желтоқсан айында «Sholpan city» тұрғын үй кешенінде болғаны жазылған.

Алматы полиция департаменті бұл факт бойынша бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Алайда кейін бап өзгертілген.

"Алғашқы жедел-іздестіру іс-шараларының мәліметтерін ескере отырып, келесі күні Полиция департаментінің Тергеу басқармасы қылмысты кісі өлтіруге оқталу ретінде қайта саралады, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Желідегі бейнежазбада түсірілім күні 2023 жылғы 30 желтоқсан екені көрсетілген. Полицейлер видеодағы оқиға "ескі факт" екенін растады.