Қоғам

Польшада ер адам көшедегі адамдарға оқ жаудырып, алты адам қаза тапты

Польшаның Краков қаласының орталығында 24 жастағы ер адам көшеде өтіп бара жатқан адамдарға оқ атты.

Польша

Қарулы шабуыл салдарынан алты адам қаза тауып, 16 адам жараланды. Зардап шеккендердің арасында екі полиция қызметкері мен шабуыл жасаған күдіктінің өзі де бар.

Полиция мәліметінше, ер адам көлікпен Бас базар алаңын айналып жүріп, адамдарға оқ жаудырған. Кейін Әулиелер алаңында тұрған трамвайды да атқылаған. Құқық қорғау органдары күдіктіні көп ұзамай ұстады. Оның көлігінен бірнеше атыс қаруы мен оқ-дәрі табылған.

Оқиғадан кейін күдіктінің Островец-Свентокшиски қаласындағы үйіне тексеру жүргізілген. Сол жерден екі әйел мен бір ер адамның мәйіті табылды.

Күдікті – Польша азаматы. Оның атыс қаруын иеленуге рұқсаты болғаны анықталды.

Қайғылы оқиғаға байланысты Польшада 8-9 қараша күндері ұлттық аза тұту жарияланды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Польша атыс
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз