Қоғам

Жапонияда магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі тіркелді

8 қарашаға қараған түні Жапонияның Сидзуока префектурасына жақын маңда магнитудасы 5,7 болатын жер сілкінісі болды.

жер сілкінісі

Жерасты дүмпуінің ошағы 40 шақырым тереңдікте орналасқан. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.

Жер сілкінісінен кейін пойыздардың, соның ішінде жоғары жылдамдықпен жүретін "Синкансэн" пойыздарының қозғалысында ақау болған.

Елдегі атом нысандарында төтенше жағдай тіркелмеген. Алдын ала мәлімет бойынша, 20-дан астам адам құлап, жеңіл жарақаттар мен дене соққыларын алған. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз