Live

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді.

жер сілкінісі

Қалада сирена дыбыстары естіліп, тұрғындарға жер астындағы дүмпулер туралы хабарламалар келіп түсті.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС хабарлауынша, 2025 жылы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісі тіркелді.

Қазірге дейін зардап шеккендер немесе қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ. Ақпаратты нақтылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 3 қарашада түнде  Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінген еді. Жер сілкінісінің эпицентрі Ауғанстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым жерде болған. Дүмпу Астана уақытымен сағат 01:29-да тіркелді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Шымкент пен Түркістан облысында 2 балл шамасында сезілген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз