Трамп Атлант мұхитының атауын өзгертуден бас тартуы мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп Атлант мұхитының атауын "Америка мұхиты" деп өзгертуді ұсынғанымен, бұл ойынан айнып қалуы мүмкін.
Бұған Google компаниясының бас директоры Сундар Пичаиімен телефон арқылы сөйлесуі себеп болған. Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлады.
Трамп Пичаиға өзі қоңырау шалып, мұхиттың атауын өзгерту туралы ұсыныс жасағанын мойындаған. Алайда Google басшысы Атлант мұхитының бірнеше мемлекеттің жағалауын шайып жатқанын айтып, бұл ұсынысты қолдамаған.
Осы әңгімеден кейін АҚШ президенті бұл бастамадан, бас тартатынын мәлімдеген.
Дегенмен Трамп Тынық мұхитының атауын өзгерту мүмкіндігін әлі де қарастырып отыр. Оның бұл жоспардан бас тартқаны әзірге нақты айтылған жоқ.