Қоғам

Алматыда Қайрат Сатыбалдыны мерекелік шараға шақырған әскери колледждің басшысы жұмыстан шығарылды

Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери колледж басшылығы Қайрат Сатыбалдыны оқу орнына шақырғаны үшін жазаланғанын мәлімдеді.

Қайрат Сатыбалды

Оның айтуынша, колледждегі іс-шара оқу орнының 40 жылдығына орай ұйымдастырылған. Кездесуді түлектер өткізген, ал Қайрат Сатыбалды шараға колледждің бұрынғы түлегі ретінде қатысқан.

Кездесу барысында Сатыбалды студенттердің алдында сөз сөйлеп, өмірлік және философиялық ой-пікірлерімен бөліскені айтылған болатын.

«Мен оның дәріс оқығанын бірінші рет естіп тұрмын. Ол дәріс оқымаған және оқымайды да. Дәріс оқу үшін факультет мүшесі болу керек», – деді Ахмедиев.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі бұл іс-шараны ұйымдастыруға қатыспағаны айтылды.

«Қайрат Сатыбалды ол жерге осы оқу орнының түлегі ретінде барған», – деді министрдің орынбасары.

Болған жағдай үшін колледж басшылығы жауапкершілікке тартылған.

«Жазаланды. Қателеспесем, қызметінен босатылды», – деді ол.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз