Қоғам

Алматыда Медеу ауданындағы көше қиылыстарының бірі тәулік бойы жабық болады

2024 жылғы 18 қыркүйектің сағат 7:00 бастап 19 қыркүйектің сағат 7:00 дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылының қиылысында автокөліктер үшін қозғалыс жабылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді.

ы

Аталған қиылыс бойынша қозғалыс екі жаққа қарай жабылады

Уақытша шектеулер жалпы ұзақтығы 305 метрді құрайтын құбыржолды ауыстыру бойынша жаңғырту жұмыстары жүргізілген жолдың асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру үшін енгізіледі. Бұл құбыржол 5 көппәтерлі тұрғын үйді және тағы 4 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-арнада @AlmatyJoly, аудандық әкімдер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Тегтер: Алматы
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз