Live

Алматыда Медеудегі жол апаты: 6 адам зардап шекті

Кеше түнде Алматыда Медеу жолында жол апаты болды. Соқтығыс салдарынан 6 адам зардап шекті. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды.

1

Алматы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.

«Кia көлігінің жүргізушісі Керей-Жәнібек Хандар көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, сол көшемен солтүстік бағытта келе жатқан Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысқан , екі көліктің де жүргізушісі, Toyota Mark 2 көлігінің үш жолаушысы және Kia көлігінің бір жолаушысы зардап шекті», - деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің барлығы медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді.

Тегтер: жол апаты
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз