Live

Балқаш маңында заңсыз кен өндірілген: жерді қалпына келтіруге 485 млн теңге қажет

Қарағанды облысында Қаржылық мониторинг агенттігі Саяқ ауылы маңында темір және марганец кенін заңсыз өндіру дерегін анықтады.

1

Тергеу нұсқасына сәйкес, заңсыз жұмысты Vertex Co. және MiningMetall компанияларының директоры ұйымдастырған. Алайда компаниялардың пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсаты болмаған.

Кен орнында экскаваторлар, тиегіштер, самосвалдар мен ұсақтау қондырғысы жұмыс істеген. Өндірілген кенді ұсақтап, кейін сату үшін теміржол станциясына жөнелтіп отырған.

Тексеру барысында үш карьер анықталды. Онда жалпы көлемі 338 мың текше метр топырақ қазылған. Мамандардың есебінше, бүлінген жерлерді қалпына келтіруге 485 миллион теңге қажет.

Сот арнайы техниканың екі бірлігін, автокөлік пен коммерциялық нысанды қамауға алды. Ал күдікті кепілмен босатылды.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: алтын дауы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз