Live

Алматыда нәресте саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі адам саудасына байланысты бірқатар ауыр қылмыстарды әшкереледі. Тергеу барысында барлығы 39 заңбұзушылық анықталып, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты болғаны белгілі болды.

балалар

Бұл жөнінде Polisia.kz жазды.

Алматы қаласында жаңа туған сәбилерді заңсыз сату ісімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар әлеуметтік жағдайы қиын жас аналарды қаржылай сыйақы ұсынып, баласын бөгде адамдарға беруге мәжбүрлеген.

"Ұйымдастырушылар жас қыздардың қиын жағдайға тап болғанын пайдаланып, оларды нәрестелерін үшінші тұлғаға ақшаға беруге көндірген. Барлық айыпталушы ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр" деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ Ақмола облысында еркін жыныстық қатынасты насихаттаған діни сипаттағы топтың әрекеті әшкереленді. Тінту жұмыстары кезінде діни әдебиеттер, түрлі атрибуттар мен ритуалдық заттар тәркіленді.

 

Тегтер: адам саудасы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз