Қоғам

Алматыда оқушыларға ішімдік сатқан ойын-сауық орындарының жұмысы тоқтатылды

Алматының Медеу ауданында жүргізілген профилактикалық рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүргені және алкогольдік ішімдік тұтынғаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Тексеру нәтижесінде жасөспірімдердің заңсыз түнгі уақытта мекемелерде жүруіне жол берген және алкоголь өнімдерін сату талаптарын бұзған бірқатар ойын-сауық орындарының иелері мен қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заң талаптарын өрескел бұзған үш ойын-сауық мекемесінің қызметі уақытша тоқтатылды. 

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен мінез-құлқын бақылау міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін олардың заңды өкілдеріне де шара қолданылды. Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасыловтың айтуынша, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруі олардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.

"Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруі – заң талаптарын бұзу ғана емес, олардың қауіпсіздігіне қатер. Сондықтан мұндай фактілерге қатаң әрі қағидатты түрде әрекет етеміз. Нәтижесінде үш мекеменің қызметі тоқтатылды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасады", - деді ол. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз