Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:59

Алматыда өнер зерттеуші ғалым Сағатбек Медеубекұлының танымдық дәріс-концерті өтеді

Сағатбек Медеубекұлы
Сағатбек Медеубекұлы

24 сәуірде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кино залында өнер зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, ұстаз, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Сағатбек Медеубекұлының «Әл-Фараби және қазақтың музыкалық аспаптары» атты танымдық дәріс-концерті өтеді.

Дәріс -концертте әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» деген еңбегінде айтылған уд, танбур, ребаб, шахруд, мизмар, тебильбаз, маазиф, сурнай секілді аспаптар мен қазақтың соларға ұқсас шертер, домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы, сырнай, дауылпаз аспаптары және олардың пайда болу тарихы мен атауларының астары туралы айтылады.

Белгілі шертерші, домбырашы, қобызшы, жетігенші, сырнайшы, сыбызғышылар өнер көрсетеді. Музыка зерттеушілер, өнертанушы ғалымдар, ұстаздар, студентер, магистранттар мен докторанттар қатысады.

Басталуы сағат 11.00-де.