Қызылорда облысында жануарға қатыгездік танытқан ер адам жауапқа тартылды
21 қыркүйек күні Тикток әлеуметтік желісінде ер адамның мысықты қинап, қатыгездік танытқаны туралы бейнежазба тарады.
Полиция қызметкерлері жедел түрде бейнежазба бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде жануарға қатыгездік танытқан адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол 43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Серік Кетенов болып шықты.
Оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Бұдан бөлек, оған мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту жасалды. Жануарға қатыгездік таныту қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екендігі түсіндірілді.
Үй жануары тірі, зардап шеккен жоқ.