09:34, 28 Қараша 2024
Алматыда тағы да жер сілкінісі болды
Алматыда кезекті жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жер сілкінісін сейсмикалық стансалар желісі 28 қарашада Астана уақытымен сағат 01:31-де тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 318 шақырым жерде болды.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қарашада Астана уақытымен сағат 23:45-те Жетісу өңірінде жер сілкінісі тіркелген болатын. Алматыда жер сілкінісінің күші 2 баллды құраған.