Алматыда тегін автотұрақты қалай рәсімдеуге болады?
Автотұрақтарды тегін пайдалану үшін электромобиль иелері көлігін «Алматы паркинг» жүйесінде тіркеуі қажет.
Ол үшін арнайы өтінім беріледі. Өтінім мақұлданғаннан кейін көлік туралы мәліметтер жеңілдік алушылар тізіміне енгізіледі. Осы сәттен бастап электромобиль үшін автотұрақ ақысы алынбайды. Өтінімді қалай беру керектігі және жеңілдікті рәсімдеу талаптары «Алматы паркинг» ресми сайтының «Жеңілдіктер» бөлімінде көрсетілген.
Толық ақпаратты +7 (727) 390 8000 телефоны арқылы немесе Алматы қаласы, Байсейітова көшесі, 40, 71-мекенжайы бойынша алуға болады.
Өтінішті «eOtinish» жүйесі арқылы да жолдауға болады.