Қоғам

Алматыда терроризмге қатысы бар 2 шетелдік азамат ұсталды

Алматыда терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

g

Ұлттық қауіпсіздің комитетінің мәліметінше, ұсталғандар бұрын радикалды діни идеологияға тартылған.

2024 жылғы 28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады. Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған.Қазақстанға ағымдағы жылы келген, тұрақты жұмыстары болмаған, делінген ҰҚК мәлімдемесінде.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: ҰҚК

Тегтер: ҰҚК терроризм
Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз