Қоғам

Алматыда жаңбыр кезінде арықта ер адам қаза тапты

Алматыда Бостандық ауданында арықтан ер адамның мәйіті табылып, полиция оның өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

1

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ер адам мас күйде болып, тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлап кеткен. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмған. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның өзге мән-жайы анықталуда.

Әлеуметтік желілер мен кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында мәйітті коммуналдық қызмет өкілдері арық жүйесіндегі бітелісті жою кезінде тапқаны, ал ер адамды құбырға су ағыны тартып кеткен болуы мүмкін деген болжамдар да тараған.

Сәуір айының ортасында Алматы қаласында нөсер жаңбыр жауып, бірқатар аумақта су басу жағдайлары тіркелген. Алайда қолайсыз ауа райы мен ер адамның өлімі арасындағы байланыс ресми түрде расталған жоқ.

Тегтер: Алматы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз