Live

Алматыдағы аптап ыстық: екі аптада 33 мыңнан астам адам жедел жәрдем шақырған

Шілде айының алғашқы екі аптасында Алматыда жедел медициналық жәрдем қызметіне 33,6 мыңнан астам шақырту тіркелді.

Р

Дәрігерлердің мәліметінше, осы кезеңде артериялық қан қысымының көтерілуі, жүрек-қан тамырлары аурулары, жүректің ишемиялық ауруы және жедел миокард инфаркті бойынша жүгінгендер саны артқан. Сондай-ақ ми қан айналымының жедел бұзылысына ұшыраған науқастар шұғыл түрде қалалық стационарларға жеткізілген.

Қала емханалары созылмалы ауруы бар тұрғындарды диспансерлік бақылауда ұстап, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, олардың денсаулық жағдайын тұрақты бақылап отыр.

Мамандар тұрғындарға сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін күн астында ұзақ жүрмеуге, жеткілікті мөлшерде су ішуге, жеңіл әрі ашық түсті киім мен бас киім киюге кеңес береді. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дереу медициналық көмекке жүгінген жөн.

Тегтер: Аптап ыстық
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз