Әлеумет

Алматыдағы арықтарды бетон плиталармен жабуға қарсы петиция жарияланды

Қазақстанда Алматыдағы арықтарды бетон плиталармен жабуға қарсы петиция жарияланды.

1

Петиция авторы Татьяна Б. мұндай шешімнің қала экологиясына кері әсер ететінін айтып, бірнеше дәлел келтірді. Оның айтуынша, ашық арықтар қаладағы «жылу аралы» әсерін азайтып, жерге жақын ауа температурасын 2-4 градусқа төмендетуге көмектеседі. Ал құрылыс тығыз орналасқан аудандарда температура тау бөктерімен салыстырғанда орта есеппен 3,5-5 градусқа жоғары болады.

Сондай-ақ арықтарды жабу топырақтың ылғалдануын нашарлатып, жасыл желектің қурауына әкелуі мүмкін. Бұдан бөлек, таулы-аңғарлық ауа айналымы бұзылып, құстардың су ішуіне де кедергі келтіреді деген пікір айтылған.

Осыған байланысты петиция авторы ашық арықтарды жабуға мораторий енгізуді және бұрын жабылған арықтарды қайта ашуды талап етеді.

Қазір петиция модерациядан өту үшін қажетті алғашқы 50 қолды жинады. Енді ол 20 жұмыс күні ішінде қаралады. Егер мақұлданса, қазақстандықтар оған ресми түрде қол қоя алады.

Тегтер: Алматы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз