10:43, 13 Ақпан 2024
Алматыдағы үш автобустың соқтығысуы: полиция мән-жайды айтты

Алматыда Райымбек даңғылында үш автобустың соқтығысуына қатысты жол апатының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Оқиға бүгін сағат 09.00-де болған. №54 автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып алдында келе жатқан №133 автобусқа және "Нексиа" маркалы автокөлігіне соқтығысқан.
Ал №133 автобус инерция бойынша №88 автобусқа соқтығысқан, зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсетілді.
Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Оқиғаны Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.