12:30, 27 Қаңтар 2024
Алматылық екі тұрғынға жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл салынды
Жалған ақпарат таратқан 18 және 29 жастағы екі әйел адамға 36 920 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Қалалық прокуратура Алматыда болған жер сілкінісі кезінде тараған жалған ақпарат азаматтар арасында үрей тудырып, қоғамдағы үлкен наразылыққа себеп болғанын атап өтті.
«Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігі «Онлайн платформаларды пайдаланушылардың жалған ақпарат жариялауы, таратуы, қоғамдық тәртіпті бұзуға жағдай жасауы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды» деп хабарлады қалалық прокуратура.