Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:17, 26 Сәуір 2024

Алматының тау бөктерінде 54 заңсыз объект анықталды

h
Фото: из открытых источников

Антикор Қоғамдық кеңесінің отырысында Алматы қаласының тау бөктеріндегі құрылыстың проблемалық мәселелері туралы айтты.

Агенттік Алматы қаласының жаңа Бас жоспары әзірленіп, бекітілгенін онда табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған аумақтар ескерілгенін айтты.

Тұрғын аймақтан 229 га жер рекреациялық аймаққа қайтарылды, сібір жарасы бар жер учаскесі мемлекеттік меншікке берілді, барлық су объектілеріне түгендеу жүргізілді. Тау бөктерінде анықталған 54 заңсыз объект бойынша мемлекет пайдасына 36 сот актісі шешілді, оның 30-ы заңды күшіне енді, 2 заңсыз объект бұзылды, тағы 3-і бұзуды күтуде, деді агенттік.

Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінде Агенттіктің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жауапкершілігін күшейту, ТЖМ-ге қала құрылысы жобаларын келісу, жекелеген құрылыс ұғымдарын регламенттеу және т.б. өкілеттіктер беру жөніндегі ұсынымдары бар бірқатар заң жобалары қаралып жатқаны айтылды. 

Фото: pixabay

Тегтер: