Қоғам

Алматы мен Нұр-Сұлтанда өмір сүру неге қымбат?

Алматы мен Нұр-Сұлтан өмір сүру құны бойынша ең қымбат қалалар тізіміне енді. Мұндай рейтинг Numbeo сервисі сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Алматы мен Нұр-Сұлтанда өмір сүру неге қымбат?

Рейтинг 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша жасалған.

Бермуд астанасы — Гамильтон — 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингінде бірінші орынға шықты.

Ең қымбат қалалар тізімінде екінші орында — Базель (Швейцария), үшінші орында — Цюрих. Сондай-ақ, ондыққа Цуг (Швейцария), Лозанна (Швейцария), Берн (Швейцария), Женева (Швейцария), Гонолулу (АҚШ), Санта-Барбара (АҚШ) және Нью-Йорк (АҚШ) кірген.

Тізімге Қазақстан қалалары ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан кірген. Олар 466 және 475-орындарды иеленді.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз