Алматы облысында әйел көлігімен дүкенге кіріп кетті
Алматы облысының Боралдай кентінде жеңіл автокөлік дүкеннің қабырғасын бұзып, сауда залына кіріп кеткен.
Жүргізуші әйел оқиға кезінде денсаулығы сыр бергенін айтқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тізгіндеген әйел рөлге ие бола алмай, дүкеннің қабырғасын бұзып өткен. Салдарынан сауда сөрелері мен тауарлар бүлінген.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан дүкен ішіне кіріп кеткен автокөлікті және жан-жаққа шашылған тауарларды көруге болады.
Бейнежазбада жүргізуші әйел көлік жүргізіп келе жатқанда ұстамасы ұстағанын айтады. Алайда оның нақты қандай жағдайға тап болғаны және жол апатына осының себеп болған-болмағаны әзірге ресми түрде анықталған жоқ.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Жүргізушіге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған.