Алматы облысының тұрғынынан бес тонна қарасора мен қару тәркіленді
25 тамыз "Қарасора-2023" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысы Балқаш ауданы, Ақбайлау ауылының аумағында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактісін анықталды.
Polisia.kz хабарлағандай, аталған дерек ҚР ҚК 300-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.
1951 жылғы Д. есімді учаске иесі ұсталды. Күдікті ауданы 1 гектар болатын жер учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірген. Тәлкіленген заттың жалпы салмағы шамамен5 тоннаны құрады.
Сондай-ақ тінту барысында екі иір ойықты мылтық, үш тегіс ұңғылы мылтық, 5, 56 мм оқтармен жарақталған оқсауыт, тепловизор, лазерлік көздеу және басқа да қару-жарақтың керек-жарақтары анықталып, тәркіленді.
Дерек негізінде ҚР ҚК 287-бабы бойынша жеке қылмыстық іс жүргізу басталды. Барлық факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.