Қоғам

Алматы Жаңа жылға безендірілмейді - әкімдік

Алматы әкімдігінің өкілдері жаңажылдық безендіруге ақша бөлмеу туралы шешім қабылдады.

Алматы Жаңа жылға  безендірілмейді - әкімдік

Алматы көшелерін безендіруге арналған қаражат басқа мақсаттарға жұмсалған. 

Мәдениет басқармасының мәліметінше, биыл әкімдіктің негізгі бюджет қаражаты коронавирус инфекциямен күресуге бағытталды.

«Жаңажылдық шыршаларды орнатуға және көшелерді жарықпен безендіруге ақша бөлінбеді», — деді басқармадағылар.

Ведомство мәліметінше, былтырғы шыршалар 16 желтоқсаннан кейін қалпына келтіріліп, орнатылады.

«Биыл Алматы қаласының әкімдігі пандемияға байланысты ауқымды мерекелік іс-шаралар өткізбейді. Соған қарамастан, мерекелік күндерге орай мәдениет басқармасының ведомствоға қарасты мекемелерімен 25 іс-шара ұйымдастырады. Олардың көпшілігі онлайн форматта өтеді. Ал дәстүрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралар барлық санитарлық норманы сақтай отырып, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізіледі. Жаңажылдық отшашу да қарастырылмаған», — деді әкімдік өкілдері. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз