Қоғам

Алматыда 9 қазаннан бастап жылу беріле бастайды

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Алматыда жылыту маусымы биыл әдеттегіден ертерек басталады.

жылу

Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен шешім қабылданды.

9 қазаннан бастап орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталады. Бірінші кезекте жылу балабақшаларға, мектептерге және медициналық ұйымдарға беріледі.

Тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады. Жылу берілгеннен кейін КСК және МИБ мамандары үйлердің ішкі жылу жүйелерін реттейді: ауаны шығарып, қысымды реттейді және пәтерлердің біркелкі жылынуын қамтамасыз етеді.

Жылу желілерінде туындауы мүмкін мәселелерге жедел ден қою үшін қажетті материалдар мен жабдықтардың қоры жасақталды.

Жылыту маусымына дайындық аясында қаланың жылу желілерінде 16 апаттық және жөндеу бригадасы кезекшілік атқарады. Олардың құрамында 220 маман бар, сондай-ақ 56 техника жұмылдырылады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз