Қоғам

Алматыда карантин жеңілдеді

Алматыда 22 қарашадан бастап карантин жеңілдейді, — деп хабарлайды «Жас Алаш» «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыда  карантин жеңілдеді

Бұған дейін қала коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа көшкен болатын. Бүгіннен бастап Алматыда барлық тасымалдаушы, оның ішінде туристік бағыттар да өз қызметін бастайды. Вокзалдар, ХҚКО-лар, сондай-ақ білім беру ұйымдары, асханалар, моншалар, спорттық-сауықтыру орталықтары мен сұлулық салондары шектеусіз жұмыс істей бастайды.

Мейрамханалар, дәмханалар толымдығы 50 пайыздан аспайтын жағдайда жұмыс істей алады. Негізгі шарт — нысан Ashyq жүйесінің қатысушысы болуы керек.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз