Алматыда көлік аялдамаға соғылды, зардап шеккендер бар
Алматыда көлік аялдамаға соғылды. Зардап шеккендер бар.Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.
Хабарламада көліктің сол сәтте адамдар тұрған аялдамаға соғылғаны көрсетілген.
Алматы полиция департаменті жол апатының 28 тамыз күні сағат 12:20-да болғанын хабарлады. «Мерседес» көлігін тізгіндеген 1987 жылы туған жүргізуші Абылай ханға қарай келе жатып, Райымбек даңғылына солға бұрылып, рульді басқара алмай, автобус аялдамасын соққан.
«Осы жол апатының салдарынан аялдамада болған 7 адам зардап шекті. Олар қаланың емдеу мекемелеріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі тіркеліп, Алмалы аудандық полиция қызметкерлерінің назарына алынды», — деді полиция.